Телеуова Эльмира Тешебаевна тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетін үздік бітірген. Э.Т.Телеуова 1998 жылы осы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аспирантура бөлімін аяқтап, 1999 жылы 07.00.02 - Отан тарихы бойынша «Тәуке (Тәуекел-Мұхаммед-батыр хан) тұсындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық ахуалы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің Қазақстан ерте дүние және орта ғасырлар тарихы кафедрасында 1999 жылдан 2000 жыл аралығында осы кафедраның ассистенті, 2003 жылдан аға оқытушы қызметін, 2004 жылдан бастап доцент қызметінде. «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері» (Алматы: Қазақ университеті, 2007.-6,75 б.т); «Инновационные методы обучения исторических дисциплин» (Алматы: Қазақ университеті, 2013.-3 б.т.) атты қазақ және орыс тілдеріндегі оқу құралы жарық көрді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
22.10.1999

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
01.01.2001
Қызығушылығы